Ұлттық банк айналымға «Жеңіске 70 жыл» ескерткіш монетасын шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк айналымға «Жеңіске 70 жыл» ескерткіш монетасын шығарды

04.04.2015
Ұлттық банк айналымға «Жеңіске 70 жыл» ескерткіш монетасын шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылдың 31 наурызынан бастап, Жеңістің 70 жылдығына арналған номиналы 500 және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «Жеңіске 70 жыл» ескерткіш монетасын айналысқа шығарғаны туралы хабарлайды.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті, «1945» және монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген дата орналасқан.

Монеталар елдің барлық аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті.

Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

925 сынамды күмістен дайындалған, массасы - 24 гр, диаметрі - 37 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 7 мың дана.

Хабарламаларға жазылу