Т.Г.Шевченконың 200 жылдығына арналған ескерткіш монеталар айналымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Т.Г.Шевченконың 200 жылдығына арналған ескерткіш монеталар айналымға шықты

16.09.2014
Т.Г.Шевченконың 200 жылдығына арналған ескерткіш монеталар айналымға шықты

 

 

Т.Г.Шевченконың 200 жылдығына арналған ескерткіш монеталар айналымға шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 12 қыркүйектен бастап номиналдық құны 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен және номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан Т.Г.  Шевченконың 200 жылдығына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы хабарлайды», - деп жазылған хабарламада.

Күміс монета мен нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монетадағы бейне жылтыр бетке салынған.

Номиналдық құны 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардың әр түрінің алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Хабарламаларға жазылу