Шетелдік банкте жатқан Ұлттық қордың ақшасы бұғаттан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік банкте жатқан Ұлттық қордың ақшасы бұғаттан шығарылды

29.11.2021

Шетелдік банкте жатқан Ұлттық қордың ақшасы бұғаттан шығарылды. Ұлттық Банктің хабарлауынша, Bank of New York Mellon-де Қазақстанға тиесілі 536 млн доллар сақтаулы. Молдовалық ағайынды Статилердің ісінен соң 2018 жылдан бастап Қазақстанның шетелдегі активіне тыйым салынған еді.

Биыл қарашада Брюссельдің апелляциялық соты бұған дейінгі шешімнің күшін толығымен жойған. Ұлттық Банк Әділет министрлігімен бірлесіп, Ұлттық қордың ақшасын бұғаттан шығарды. Анатол мен Габриэль Стати және Қазақстан арасындағы дау 14 жыл бұрын басталған. Алғашында олар халықаралық сотта жеңіске жеткенімен, жақында жеңілісін мойындады.


Хабарламаларға жазылу