Ерлер арасындағы допты хоккейден 2017 жылғы Әлем чемпионаты Швецияда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлер арасындағы допты хоккейден 2017 жылғы Әлем чемпионаты Швецияда өтеді

04.04.2015
Ерлер арасындағы допты хоккейден 2017 жылғы Әлем чемпионаты Швецияда өтеді

«Конгресте ерлер арасындағы бендиден 2017 жылғы Әлем чемпионаты Швецияда өту туралы шешім қабылданды. Себебі 2017 жылы Әлем чемпионатын өткізуге тек Швеция ғана өтініш білдірген. Конгрестің барлық мүшесі мұны бірауыздан қолдады. Жарысты ұйымдастырушылар кейінірек турнирдің қай қалаларда өтетінін анықтайды», - деді Б.Скрынник.

Айта кетейік, 2016 жылғы Әлем чемпионаты Ресейдің Ульяновск қаласында өтеді. Сонымен қатар, әйелдер арасындағы бендиден 2016 жылғы Әлем чемпионаты АҚШ-та ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу