Басты Жаңалықтар Жұлдызшылар ауа райын қалай болжап отыр?

Жұлдызшылар ауа райын қалай болжап отыр?

Жұлдызшылар ауа райын қалай болжап отыр?

Биыл егіншілер мол өнім алудан үмітті. Синоптиктердің болжамынша, көктем, жаз айларында жауын-шашын мол болып, ылғалды ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» орталығының мәліметінше, елдің барлық аймағына көктем кешірек келеді. Ал, жұлдызшы Назарбек Қожамсейіттің болжамына сенсек, көктемнің соңғы салқыны мамыр айының 7-9 аралығында болады.

«Кей жерде 19-25 сәуір күндері дауылды жел тұрады. Осы айдың аяғы  тағы салқындап, ылғал жиі түседі. Ал, Астанада мамыр айының 3, 4, 5 күндері  қар жауады. 26-28 мамыр күндері  кей жерлерде дауылды жел болады»,-дейді жұлдызшы.

Қазір ауа райының құбылып тұрғаны, диқаншы, малшы қауымды алаңдатып отыр. Сондықтан, жұлдызшы Назарбек байқастау керетігін айтады. «Былтыр мамырдың аяғы суық болады дегенмін. Соны тыңдамағандар, біраз малынан айырылып қалды»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Бөлісу