Санжар Асфендияровтың туғанына -125 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санжар Асфендияровтың туғанына -125 жыл

15.10.2014
Санжар Асфендияровтың туғанына -125 жыл

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог Санжар Асфендияровтың туғанына - 125 жыл. Осыған орай  Қазақ Ұлттық Медицина университетінде «Асфендияров тарихи мұрасы ұрпаққа аманат» атты студенттердің ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Шара аясында студенттер сан түрлі тақырыпта ғылыми баяндамалар оқып, ғалымның  мұрасымен танысты. Оқу орнындағы стоматология факультеті мен Қазақстан тарихы кафедрасы мұрындық болған шараның басты мақсаты - белгілі ғалымның еңбегі мен өмірін  тәлімгерлерге кеңінен насихаттау.  

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу