«Қазақстан» корпорациясы 500-ден астам балаға жаңажылдық кеш ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» корпорациясы 500-ден астам балаға жаңажылдық кеш ұйымдастырды

28.12.2018

Шараға 60 шақты балалар үйінің бүлдіршіндері де шақырылды. Әр балақайға арнайы сыйлық табысталып, ерекше қойылымдар кішкентайларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Балалар ертегілер әлеміне еніп, мультфильмның кейіпкерлерімен бірге түрлі сайыстарға қатысты. Жалпы, телерадиокорпорация қайырымдылық шараларын көп өткізеді. SOS-балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үнемі қолдау көрсетіп, тіпті, кейбірін телеарналарда тәжірибеден өтуге шақырады. Ал, жаңажылдық шырша ертең де жалғасын табады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу