«iTys» мессенджері iOS платформасына арналған нұсқасын шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«iTys» мессенджері iOS платформасына арналған нұсқасын шығарды

31.03.2015
«iTys» мессенджері iOS платформасына арналған нұсқасын шығарды

Тұңғыш отандық, инновациялық «iTys» мессенджері енді iOS платформасына шығарылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев мәлімдеді. «iTys» - W hatsАpp-тың қазақша баламасы. Алғаш рет «iTys» қазақстандық мессенджерінің тұсаукесері 2014 жылғы 19 қарашада өткізіліп, Андроид платформасына ғана бейімделген болатын. Бүгінде «iTys» мессенджерін ұялы телефондарына жүктеп алған тұтынушылар саны 200 мыңды құрап отыр, деді Азат Шауеев.   

Алдағы уақытта жоба жасаушылары – тегін дауысты хабарламалар үлгісін, қазақ тіліндегі автокорректор, графикалық редактор, сондай-ақ, қазақтың ұлттық нақышында жасалған жаңа анимация мен стикерлерді шығаруды жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу