«iTys» мессенджері iOS платформасына шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«iTys» мессенджері iOS платформасына шығарылды

31.03.2015
«iTys» мессенджері iOS платформасына шығарылды

Жалпы Android жүйесінде 4 ай жұмыс істеп тұрған мессенджерді бүгінде 150 мыңнан астам адам қолданады.

Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция елдерінің азаматтары да бар.

Сондай-ақ, жаңартылған мессенджер арқылы қолданушылар енді сапалы сурет, тіпті, word, excell сияқты құжаттармен де алмаса алады.

Болашақта қосымшаға тегін дыбыстық қоңыраулар мен қазақ тілін автотүзетуші енгізілмек. 

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу