«Microsoft» планшеттерге арналған Bluetooth-пернетақта шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Microsoft» планшеттерге арналған Bluetooth-пернетақта шығарды

18.09.2014
«Microsoft»  планшеттерге арналған Bluetooth-пернетақта шығарды

«Microsoft» компаниясы  iOS, Android  және Windows планшеттеріне арналған «Universal Mobile Keyboard» атты   Bluetooth-пернетақта шығарды.

Құрылғы «бәсекелес» операциялық жүйелерге арналған.  

Кейбір қызметтері  «Logitech K480» моделімен сәйкес келеді.  «Logitech» компьютерлерге, сондай-ақ, смартфон, планшетке арналса, «Universal Mobile Keyboard» тек планшетке лайықталған.

Кіріктірілген аккумулятор арқылы қуатталған Bluetooth-пернетақтамен  6 айға дейін жұмыс істеуге  болады. Ал, 10 минуттық қуаттау 8 жұмыс сағатына жеткілікті.

«Universal Mobile Keyboard» құрылғысы сатылымға  қазан айынан бастап шығады.

Хабарламаларға жазылу