Роза Мұқанова – өте талғампаз жазушы. Жазушының өзіне тән тақырыбы бар. Сондай-ақ, ол сөзді өте ұқыпты қолданады. Сөйлемдерінде артық-ауыс, ұғымға ауыр сөздер мен тіркестер мүлдем дерлік кездеспейді. Бұл оның нағыз сөз зергері екенін көрсетеді.
Жазушы ең алғашқы тырнақалды әңгімесін 1976 жылы 6 сынып оқып жүрген кезінде жазған. Кейін студенттік шағында жазған әңгімелері баспасөз бетінде шыға бастады.
Әдебиетсүйер қауым сол кезде-ақ, өзіндік үні мен қолтаңбасы бар, қарымы бөлек, дарыны ерек тағы бір жазушының қалыптасып келе жатқанын пайымдап үлгерді.
Роза Мұқанова бүгінгі қазақ әдебиеті турасындағы ойымен «Сіз не дейсіз?» хабарында бөліспек. Бүгін 23.30-да Ұлттық арнадан көріңіз.