Роза Мұқанова – өте талғампаз жазушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Мұқанова – өте талғампаз жазушы

30.07.2015
Роза Мұқанова – өте талғампаз жазушы

Роза Мұқанова – нағыз мінезге бай адам. Оның мінезге байлығы ең алдымен байсалдылығынан, салмақтылығынан, бір сөзділігінен, шешімділігінен және тұрақтылығынан анық көрінеді.

Жазушы ең алғашқы тырнақалды әңгімесін 1976 жылы 6 сынып оқып жүрген кезінде жазады. Бір қызығы, «Менің үкім» деп аталатын сол туындысы көп ұзамай «Қазақстан пионері» газетінде жарық көреді. Міне, осы тұңғыш шығарма жазушылық жолға да бет бұрғызды.

Бүгінде өте талғампаз жазушыға айналған Роза Мұқанованың өзіне тән тақырыбы бар. Шығармаларында сөзді де өте ұқыпты қолданаптын қаламгердің  сөйлемдерінде артық-ауыс, ұғымға ауыр сөздер мен тіркестер мүлдем кездеспейді.

Бүгінгі қазақ әдебиеті жөнінде әңгіме өрбіткен жазушының сұхбатын бүгін 13:30-да «Сіз не дейсіз?» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу