Ұлттық арнада – Айгүл Қосанованың шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – Айгүл Қосанованың шығармашылық кеші

29.03.2015
Ұлттық арнада – Айгүл Қосанованың шығармашылық кеші

Айгүл Қосанова – ең алғаш қалың жұртшылыққа дәстүрлі әнші ретінде танылды. Әншінің өзі айтқандай, ол «дәстүрлі әнші болып қала бермек». Өнерде Айгүлдің бағын ашқан Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші даусы» мен Мұхиттың «Айнамкөзі».

Қазіргі жастардың арасында ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі ән мектебін жалғастырып, оны насихаттап әрі ұстаздық етіп келе жатқан Айгүл Қосанованың алар орны, бағындырған өз биігі бар.

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауының лауреаты, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері бүгінде дәстүрлі әншілік пен эстраданы қатар алып жүрген талант иесі.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 16.50-де өнерпаздың «Айдыны шалқар аққумын»  атты кешін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу