«Арай» тобы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Бағдарлама барысында Медет Көжекбаев пен Рысбек Аташев Наурызды тойлау ерекшеліктерімен бөлісті. «Наурыз – ұлттық мейрам болғандықтан, үнемі жоғары деңшейде тойлауға тырысамыз»,-дейді олар.
«Алдағы уақытта Ақылбек Жеменей, Нұржан Керменбаевтармен жаңа дуэт құрмақпыз. Сондай-ақ, жеке бейне-таспамыз да шығады. Тағы бір айта кетерлік жаңалық, «Rys Media» деген топ құрылып жатыр. Продюсері өзіміз.
Топтың атын ырымдап Ұлықпан Жолдасов ағамызға қойдырдық»,-дейді шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөліскен Рысбек Аташев.
«Арай» тобының орындауындағы «Бір бала» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.