Таңжарық оқуларының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңжарық оқуларының жеңімпаздары анықталды

19.03.2015
Таңжарық оқуларының жеңімпаздары анықталды

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған ІІ Таңжарық оқуларының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық  университетінің баспасөз қызметі.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы, жоба авторы Тұрсынбай Дәуітұлының айтуынша, байқауға қаланың 8 жоғары оқу орнынан 50-ден аса үміткер қатысып, оның 15-і іріктеуден өткен.

Бас жүлдені Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің II курс студенті Үміт Оңласын жеңіп алды. І орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің I курс студенті Салтанат Әнапияева иеленді.

Екінші орынға Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің  II  курс студенті Гүлім Садырбекова мен осы оқу орнының I курс студенті Айжан Мелдебек табан тіреді.

Үшінші орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің III  курс студенті Ринат Сарыбала, Сүлеймен Демирел университетінің III курс студенті Алтынбек Ибрагимов, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің I курс студенті Айдана Нұрдан үшеуі өзара бөлісті.

Барлық жеңімпаздар қаржылай демеушілік көрсеткен «Халықаралық Таңжарық зерттеу» қоғамдық қорының ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Бұдан өзге тағайындалған «Көдек Маралбайұлы» мен «Доспер Саурықұлы» атындағы арнайы сыйлықтың иегерлері анықталды. Оған Қыздар университетінің I курс студенттері Қамажай Еркебаева мен Мерейлім Мырзабек лайық деп танылды.

Бүгінде ақынның 130 өлең-толғауы, 12 қисса-дастаны, 6 айтысы, 4-5 әні жарық көрді. Ақын шығармалары жыл өткен сайын толыға түсуде.

Ақын атында туған жерінде еңбектері, мұралары, пайдаланған заттары сақталған мұражай бар. 2009 жылы 23 желтоқсанда қалалық мәслихаттың шешімімен Астана қаласы көшелерінің біріне Таңжарық Жолдыұлының есімі берілген.

Хабарламаларға жазылу