Заңгер, қоғам қайраткері Сабыр Қасымовтың 75 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті
Бүгін белгілі заңгер, қоғам қайраткері Сабыр Қасымов 75 жасқа толды. Мерейлі датаға орай елордада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында оның ғылым мен құқық саласына, сондай-ақ тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге қосқан үлесі кеңінен сөз болды.
Сабыр Қасымовтың есімі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бағытындағы ауқымды жұмыстармен тығыз байланысты. Ол саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесін басқарып, архивтік құжаттарды зерттеу мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге үлес қосты. Оның жетекшілігімен жүздеген мың архив ісі зерделеніп, бұрын құпия сақталған миллиондаған құжат ғылыми айналымға енгізілді.
Белгілі заңгер, қоғам қайраткері Сабыр Қасымов 75 жасқа толды. Мерейлі датаға орай елордада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында оның ғылым мен құқық саласына, сондай-ақ тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге қосқан үлесі кеңінен сөз болды.
Сабыр Қасымов, заңгер, қоғам қайраткері:
2,5 млннан астам бұрын құпия болған құжаттар рассекреченный, 311 ден астам қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды анықтадық. 95 том шығардық. Соның ішінде талай талай концепциялар, жалпы, әр топты зерттейтін методологиялар, өңірлік комиссиялар жұмыстар бойынша. Жобалық кеңсе ауқымды жұмыс жасады. Жұмыс тоқтаған жоқ.
Сабыр Қасымовтың ғылыми еңбектері мен құқықтық тұжырымдары саяси қуғын-сүргін
тарихын зерттеуде маңызды әдіснамалық негізге айналды. Конференцияға
жиналғандар оның ғылым мен қоғам алдындағы еңбегіне жоғары баға берді
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас
директоры:
Академиялық 7 томдық қазір шығып жатыр. Соның кезеңінде бірнеше бөлігі тура осы дәуірге тікелей қатысты. 20-30 жылдары сонымен бірге 50 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарарын, әрине 86 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты саяси, заң аясында қарайтын нәрселердің бәрі де осы Сабыр Ахметжанның еңбьектерінде, баяндамаларында,сұхбаттарында көрініс беріп отыр. Біз ғалым ретінде Сабыр Ахметжанұлын ерекше бағалаймыз. Адамшылығын, іскерлігін.
Конференция барысында тарихшылар, архив мамандары мен қоғам қайраткерлері жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстырып, архив деректерін зерделеудің заманауи әдістері және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Ал жиын соңында ғалымның жаңа кітабы таныстырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы