Қамажай Бижанқызы: Соғыс кезінде көргенімізді жастарға айта беру де қиын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамажай Бижанқызы: Соғыс кезінде көргенімізді жастарға айта беру де қиын

16.03.2015
Қамажай Бижанқызы: Соғыс кезінде көргенімізді жастарға айта беру де қиын

Төрт жыл бойы толассыз жалғасқан II Дүниежүзілік соғыс төрткүл дүниені дүр сілкіндірді. Жау жағадан алған шақта ержүрек батырларымыз алғы шепте болды. Қайсарлық танытып, отқа кеудесін тосып, оққа да кірді. Жүздеген қалалардың күлі көкке ұшып, миллиондаған адам жер жастанды.

Қанша қасірет болса да, майдан даласындағы әр жауынгер жеңіске жететініне сенді. Аласапыран уақыт тылдағылар үшін де оңай болмады. Бүгінгі «Таңшолпанның» кейіпкері Қамажай Бижанқызы соғыс жылдарында сол қиындықтарды көріп өсті.

«Соғыс кезінде көргендерімізді жастарға айта беру де қиын. Мен төртінші сыныпта оқимын ол кезде. Жұмыстың басында түнейтінбіз. Қазіргі бейбіт, өмірді көргенімізге шүкір. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман бұл»,-дейді тыл ардагері.

Майдан даласын керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырған тылдағылар туралы толығырақ таңғы бағдарламадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу