2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажет – Тимур Құлыбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажет – Тимур Құлыбаев

13.03.2015
2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажет – Тимур Құлыбаев

Кездесуде Конфедерацияға кіретін спорт түрлері бойынша Ұлттық құрама командалардың Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жүргізуі, төрешілер корпусының біліктілігін арттырып, олардың 2016 жылғы Олимпиада ойындарында қызмет етуі, халықаралық байланыстарды дамытып, төрешілер, спортшылар мен бапкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғарлату сияқты мәселелер талқыланды.

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы тыйым салынған препараттарды пайдалануды анықтау мен оның алдыналу мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Сондықтан, 2015 жыл «Спорттық медицина дамыту және допингпен күресу жылы» болып жарияланды. Конфедерация төрағасы ҚР Ұлттық құрама командаларын кешенді-ғылыми қолдаумен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлатуды тапсырды.

2015 жылы Қазақстан дзюдодан лицензиялық Әлем чемпионатын өткізеді. Астана қаласында болатын байрақты бәсекеге дайындықты егжей-тегжейлі жүргізу Дзюдо федерациясына тапсырылды.

Хабарламаларға жазылу