Германия EURO-2024 чемпионатына дайындықты бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия EURO-2024 чемпионатына дайындықты бастады

14.06.2023

Германия келесі жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына дайындықты бастады. Ұйымдастырушы ойын өткізуге ыңғайлы деп он қаланы таңдаған. Чемпионаттың финалы мен басқа да кездесулер Берлинде өтеді. Германия Еуропа чемпионатын екінші рет өткізсе де, ел астанасында бірде-бір ойын болмаған. Матчтар Берлин олимпиадалық стадионында өтеді. Ол 1936 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына арналып салынған, 70 000-нан астам жанкүйер сияды. 2024 жылғы Футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Оған еуропалық 24 команда қатысады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу