Несіп Жүнісбайұлы: Елдегі спорт журналистикасы ақсап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несіп Жүнісбайұлы: Елдегі спорт журналистикасы ақсап тұр

12.03.2015
Несіп Жүнісбайұлы: Елдегі  спорт журналистикасы ақсап тұр

Бүгін танымал спорт журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері Несіп Жүнісбайұлының «Олимпиаданың алтын жолы» («Золотой Олимпийский маршрут») атты кітабының тұсауы кесілмек. Осыған орай жазушы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл кітапты түйетолғақ десе де болады. Себебі, Лондон Олимпиадасының өткеніне де біраз уақыт болып қалды. Кітаптың кеш жарық көруінің өзіндік себебі бар. 205 мемлекеттік ішінде 12-орын алуымыз – тарихи сәт. Оны жүрдім-бардым жаза салуға болмайды. Сондықтан да, өзім көрмей қалған тұстарын зерттеп, біраз ақпарат жинастыруға уақыт керек болды»,-дейді жазушы.

«Сонау 90-шы жылдары Спорт журналистері қауымдастығын құрып, басқардым. Содан бері біздің айтып келе жатқанымыз – спорт журналистерін дайындайтын арнаулы оқу орны болмаса да, факультет, тіпті бөлімше жоқ. Сондықтан да, біздің елдегі  спорт журналистикасы ақсап тұр. Ал, бұл саланың бізге қаншалықты керек екенін Лондон Олимпиада кезінен байқауға болады. Бүкіл халықтың көзі мен құлағы Лондонға ауды».

Кітаптың мазмұны туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу