Несіп Жүнісбаевтың «Золотой олимпийский маршрут» атты жаңа кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несіп Жүнісбаевтың «Золотой олимпийский маршрут» атты жаңа кітабы жарық көрді

10.03.2015
Несіп Жүнісбаевтың «Золотой олимпийский маршрут» атты жаңа кітабы жарық көрді

Қазіргі қазақ спорт журналистикасының белді қайраткері Несіп Жүнісбаевтың ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына арналған «Золотой олимпийский маршрут» атты жаңа кітабы жарық көрді. 

Қазақ спорт журналистикасының қорына қосылған кітап 358 беттен тұрады. 7,5 мың дана таралыммен басылып шыққан кітап мазмұнына мыңнан аса түрлі-түсті фотосурет енгізілген.

Кітаптың тұсаукесер рәсімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматыда 12 наурыз күні «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында, ал Астанада 17 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Бұл Несіп Жүнісбаевтың алғашқы еңбегі емес. Оның спорт тақырыбына арналған оннан астам кітабы жарық көрген. «Үшінші раунд» (1980), «Ауылдан шыққан алыптар» (1986), «Мексикадағы футбол тойы» (1988), «Футболмен тыныстаған Испания» (1989), «Олимпийский маршрут» (1999, 2002) кітаптары жарық көрген.

Н. Жүнісбаев - Қазақстандағы «Намыс» тұңғыш ұлттық футбол клубын ұйымдастырушы. Әлем спорт журналистері қауымдастығының мүшесі жане Азия спорт журналистер одағы атқару комитетінің мүшесі

ҚазАқпарт                                                              

Хабарламаларға жазылу