«Нұр Отан» съезінде Кенжеғали Сағадиев ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» съезінде Кенжеғали Сағадиев ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды

11.03.2015
«Нұр Отан» съезінде Кенжеғали Сағадиев ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Cъезі барысында сөз сөйлеген мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиев ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды.

Съезд барысында күн тәртібіне сәйкес, сөз алған академик К.Сағадиев бүгінгі әлемдік ахуалға, жаһандық дағдарысқа тоқтала келе, мұндай жағдайда «ел тізгінін берік ұстайтын азаматты қазір сайлаудың маңызы зор екенін» жеткізді.

«Осы азаматтың есімін жетекші партия ретінде «Нұр Отан» партиясы атауы керек. Сайлау өткізейік деген күннен бастап, елдің барлық өңірлерінде, зиялы қауым ортасында, кәсіпкерлер, мұғалімдер дәрігерлер, шаруалар арасында, жалпы халқымыздың басым көпшілігінде Президент болуға лайық деп бір ғана адамның есімі айтылып, ұсынылып жүр. Ол біздің «Нұр Отан» партиясының төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев», - деді Кенжеғали Сағадиев.

Осыны ескерген академик «партия атынан ҚР Президентіне үміткер ретінде  Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынайық, осыған келісімін сұрайық», - деп атап өтті.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу