Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов әйелдер қауымын мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

08.03.2015
Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

8 наурыз – аналар мерекесіне орай Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов аймақтағы кәсіпте де, әлеуметтік салада және отбасында да құрметке бөленген әйелдер қауымын қабылдап, мерекемен құттықтады.

«Сіздердің қажырлы еңбектеріңізді құрметтейміз. Кейбір мемлекеттерде бұл мерекені атап өтпейді. Ал, біз көктемнің алғашқы күндерінде келетін  мерекеге аса бір көңілмен, шын ниет, ықыласпен қараймыз»,- деді өңір басшысы.

Шараға облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанған Жаңбыршыновтар отбасының тірегі, көпбалалы ана Бижамал Жаңбыршынова, «Құрмет» орденінің иегері Рима Ғайсенова, Қостанай ауданы ардагерлер ұйымының төрайымы Надежда Мураева, «Қазақстанның құрметті журналисі» Күлтай Әбдірахмановалар қатысты, деп хабарлайды kostanaytany.kz сайты.

Хабарламаларға жазылу