Өңірде 2800 байқаушы референдум барысын бақылап отыр
Қостанай облысында барлығы 717 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал ондағы тәртіп пен талаптың сақталуын барлығы 2800 байқаушы қадағалап отыр. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Мәдина Нағашыбай саяси науқан барысын баяндауға әзір.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Ләйла, қайырлы кеш! Мен қазір Қостанай қаласындағы №857 референдум учаскесінде тұрмын. Бұл жерде барлығы 2296 азамат тіркелген. Дауыс беру уақытының аяқталуына небәрі 1 сағат қалса да, келушілердің легі әлі үзілген жоқ. Дегенмен дені таңғы уақытта белсенділік танытты. Жалпы облыс бойынша 536 824 адам дауыс беру құқығына ие. Азаматтардың арасында ерекшеленген жандар да болды, мысалы 18-учаскеге Қыдыр ата келіп, ақ батасын берді.
Жалпы Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан саяси науқандағы атмосфера ерекше. Әр учаске алдында жәрмеңке, шағын концерт өтті. Төріне киіз үй тігіліп, азаматтар ақтан дәм татты. Ал бұл жердегі талап-тәртіптің сақталуын өңірде байқаушылар жіті қадағалап отыр. Осы уақыт аралығында заң бұзу дерегі тіркелген жоқ.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07