Ақмола облысында еңбек ұжымдары белсенділік танытып жатыр
Ақмола облысының еңбек ұжымдары өз таңдауларын жасап, референдумға белсенді қатысып жатыр. Мәселен, Зеренді ауданындағы сүт зауытының еңбеккерлері қауырт жұмыс кезінде үзіліс жасап, маңызды саяси науқанға ұжым болып, бірлесіп барған.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Әдеп-ғұрып, тәлімін қаныменен қалдырған, қазынасы халқымның балдан да тәтті балдырған. Мен қазір Симферополь ауылындағы сүт зауытының еңбеккерлерінің ортасындамын. Олар көктемнің шуақты мерекесі Наурызбен тұспа-тұс келген саяси науқан, референдумға ұжым болып, бірге қатысуды шешкен. Алдымен ұлттық дәстүрді жаңғыртып, наурыз көже дайындаған екен. Содан ауыз тимек. Мен де дәмін татайын.
Міне, осылайша ауыл тұрғындары еңбек пен дәстүрдің жасампаздығын паш етіп, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетіп отыр.
Серікбай Қалымұлы, Симферополь ауылының тұрғыны:
Бір ұжым болып бәріміз енді барайын деп жатырмыз. референдум немереліріміз
үшін, балаларымыз үшін, болашағымыз үшін.
Ел тағдырына бей-жай қарамайтын адал еңбек
иелері жолда әндетіп, референдум учаскесіне жоғары көңіл-күймен жетті.
Ауылдағы 545-ші референдум учаскесіне келген
қариялардың ең үлкені 95-те, ең жасы 18-де. Тылда еңбек етіп, ауылдың негізін
қалаған ақсақалдар бата беріп, игі тілектерін білдірді.
Қалым Омаров, Симферополь ауылының тұрғыны:
7-8 балам бар, немерем бар, шөберем бар. Заманымыз тыныш болсын! Сол үшін еліміз үшін, халқымыз үшін, отанымыз үшін, отанға тыныштық берсін.
Алмаз Абайұлы Симферополь ауылының тұрғыны:
Мен осы жылы енді 18-ге келіп жатырмын. Қобалжып тұрмын өзім бірінші рет болғасын, бірінші рет референдумға қатысып, дауыс беріп тұрмын. Өте қуаныштымын, өз үлесімді менің дауысымды ескеріп жатқанына. Мен өзім еліміздің алға басып, көркейіп, дами бергенін қалаймын. Сол үшін дауыс беріп жатырмын.
Зеренді ауданы бойынша жалпы 70 референдум
учаскесі жұмыс істеп тұр. 21 мыңнан аса тұрғынның дауыс беру құқығы бар.