Ұлттық арнада – «Күлшеқыз» ертегісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Күлшеқыз» ертегісі

08.03.2015
Ұлттық арнада – «Күлшеқыз» ертегісі

Күлшеқыз – өгей шешесі мен оның екі қызынан теперіш көріп, өз үйінде өзі күң болған мейірімді де сұлу қыз.

Күндердің күнінде патша сарайында жас бикештерге арналған сауық кеші өтеді. Күлшеқыз да сол кешке барғысы келеді.

Бірақ, жетімдік аяғына тұсау болады. Соңында қайырымды Пері үстіне әдемі көйлек, жалтыраған шыны кебіс кигізіп, сыйқырлы күймемен сауық кешіне жібереді.

Күлшеқыздың басынан өткерген түрлі қызықтарды бүгін 16.45-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу