Диснеймен бірге! «Күлшеқыз». Мультфильм - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диснеймен бірге! «Күлшеқыз». Мультфильм

01.01.2016
Диснеймен бірге! «Күлшеқыз». Мультфильм

Күлшеқыз - өгей шешесі мен оның екі қызынан теперіш көріп, өз үйінде өзі күң болған мейірімді де сұлу қыз. Күндердің күні патша сарайында жас бикештерге арналып сауық кеші өтеді.

Күлшеқыз да сол кешке барғысы келеді. Бірақ жетімдік аяғына тұсау болады. Ақыры Қайырымды Пері үстіне әдемі көйлек, жалтыраған шыны кебіс кигізіп, сыйқырлы күймемен сауық кешіне жібереді.

Әлемдік ертегінің қазақ тіліндегі нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:10-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу