Әскери қызметті адал абыроймен атқарып, сұлулық, әсемдік, нәзіктік, батылдық пен төзімділік сынды қасиеттерді сақтай білген арулар аз емес бүгінде. Әскерде оларға қойылар талап та, тәртіп те ер-азаматтармен бірдей. Әйел екен деп, жеңілдік танытып жатқан ешкім жоқ. Себебі, Отанды қорғау – баршаға парыз.
Арулар да өз кезегінде алдынан шыққан қиындыққа асқан төзімділік танытып келеді. Отбасын да, қызметін де қатар алып жүрген әскери әйелдер туралы толығырақ бүгін 11.35-те Ұлттық арнадағы «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасынан біле аласыздар.