Аталған жарыста Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің студенті Еламан Ерғалиев 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Ол, аудандық №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, дзюдодан аудан құрама командасының бас бапкері – Дархан Алмахановтың шәкірті.
Еламан ағымдағы жылдың қазан айында Әбу-Дабиде өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына қатысады.
ҚазАқпарат