«Әскер барысы» Асыл Бәрменовтен басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әскер барысы» Асыл Бәрменовтен басым түсті

02.07.2017

Келесі кезеңде Қарағанды облысының палуаны Асыл Бәрменов пен  «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев белдесті.

Асыл Бәрменов солтүстікқазақстандық палуан Алтынбек Аусағитовты ұтты, кейін маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабайды таза  түсірді. Ал, Еламан Ерғалиев алдымен ШҚО палуаны Мұхит Тұрсыновтан, одан кейін маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповтан басым түскен болатын.

Осы белдесуде Асыл Бәрменов жамбасын ауыртып алса да, кездесуді соңына дейін жалғастырды.  Дегенмен, жарақаты жеңіске жеткізбеді. Осы кезеңдегі жеңімпаз Еламан Ерғалиев енді жартылай финалда Арман Қалиевпен жолығады.

Айта кетейік, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті. 

Хабарламаларға жазылу