Қызылордада қазақ күресінен «Сыр барысы-2016» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қазақ күресінен «Сыр барысы-2016» анықталды

02.05.2016
Қызылордада қазақ күресінен «Сыр барысы-2016» анықталды
Жарыстың финалына жолдама алған 300-ге жуық спортшы алдымен төрт жас ерекшелігі бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды.

Ал, көпшілік асыға күткен түйе палуандар белдесуінде 19 оғлан күш сынасып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, 21 жасар қармақшылық Еламан Ерғалиев боз кілемде қарсылас шақ келтірмей «Сыр барысы» атанды. Финалда есе жіберген жалағаштық Руслан Әбдіразақов «Сыр арланы» белбеуін иеленді. Енді қос балуан Елбасы жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде аймақ намысын қорғайды.

Хабарламаларға жазылу