Талдықорған қаласында 16 қабатты қонақ үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласында 16 қабатты қонақ үй салынады

03.03.2015
Талдықорған қаласында 16 қабатты қонақ үй салынады

Талдықорғанда әлемдік стандартқа сай келетін 16 қабатты қонақүй кешенінің алғашқы қазығын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қақты. Бұл нысанның бір артықшылығы «Falcon-petroleum» компаниясы мемлекеттің ешқандай қатынасынсыз құрылыс жұмысын жүргізеді. Небәрі 8 айда барлық жұмысын аяқтап, бес жұлдызды қонақүйді пайдалануға береді, деп хабарлайды egemen.kz.

Екі гектар жерде орналасатын қонақүй кешенінде 14 жоғары сапалы (люкс), 54 стандартты бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар, мейрамхана, салтанат және мәжіліс залдары, көркемдік пен сән салондары, оның сыртында 16-қабатта Жетісудың кіндік қаласы алақандағыдай болып көрінетін демалыс орны да болады. Тұтастай алғанда, Талдықорғанның оңтүстік-батыс шағын ауданында таяу уақытта 121 көпқабатты үйлер, оқушылар сарайы, драма театры, неке қию залы секілді бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады.

Хабарламаларға жазылу