Германияның Эссен қаласында 5 қабатты үй өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Эссен қаласында 5 қабатты үй өртеніп кетті

21.02.2022

Германияның Эссен қаласында 5 қабатты үй өртеніп кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, үш адам жараланған. Жергілікті биліктің мәліметіне сай, өрт сөндіру бригадасы жеткенше, лапылдаған жалын ғимараттың айтарлықтай бөлігін шарпып үлгерген. Жараланғандар улы газдан қатты зардап шекті. Сондықтан, олар ауруханаға жеткізілген. Үйдің тұрғындары түгелдей сыртқа шығып үлгерді деген үміт бар.

Мамандар апартаменттің ішіне әлі кіре алмай, өртті сырттан сөндіріп жатыр.

Өртпен күрес департаментінің хабарлауынша, жалынның неден тұтанғаны әлі белгісіз. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу