Басты Жаңалықтар Құмар Жұмахан ұлттық нақыштағы көлікке арналған жабулар жасайды

Құмар Жұмахан ұлттық нақыштағы көлікке арналған жабулар жасайды

Құмар Жұмахан ұлттық нақыштағы көлікке арналған жабулар жасайды

Жас кәсіпкер Құмар Жұмахан көлікке арналған қазақша жабулар жасап шығарады. Ою-өрнекпен көмкерілген отандық өнім естіген елді елең еткізді. Әзірге оның төрт түрін халыққа ұсынған Құмар келешекте өндіріс көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ұлттық нақыштағы бұйымдар көбіне қолдан тігіледі. Ең басты ерекшелігі – жабулар әмбебап. Әр маусымға лайықталған.

«Біздің автокөлікке ұсынып отырған жабуларымыздың бірнеше артықшылығы бар. Алдымен, қазақтың ұлттық нақышын пайдаландық, екіншіден, жабу екіжақты. Маусым сайын жабу сатып алып, шығындалмай-ақ, бірінші бетін қыс мезгілінде, екінші бетін жазда пайдалануға болады»,-дейді кәсіпкер.

Айрықша автожабулар оңай тігіледі, тек әшекейін сапалы салса болғаны. Ою-өрнекті пайдаланудың да өз заңдылықтары бар. Сондықтан, Құмар жабуды сәндер алдында қолөнер шеберлерімен пікірлесіп, ғылыми еңбектерді басшылыққа алған, дизайнерлердің талғамына жүгінген.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Бөлісу