Жаңа куәліктер 2015 жылдың 3 наурызынан бастап беріледі. Куәлікті Халыққа қызмет көрсету мамандандырылған орталықтарында немесе полицияның тіркеу емтихан қабылдау бөлімшелерінен алуға болады. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алуға еgоv «электрондық үкіметтің» веб-порталына өтініш жолдауға мүмкіндік бар. Айта кету керек, 1996 жылғы үлгідегі А, В,С,D,E,Tm,To категориялары өзгертілді.
Ескі үлгідегі А жаңаша А, А1 категориясы, В жаңа үлгіде В, В1, С енді С, С1 болмақ, ал ВС категориясы С, С1, ВЕ болып ауыстырылды, D түрі D, D1, Е категориясы қосымша С немесе D болса, сәйкесінше СЕ, С1Е, DЕ, D1Е деп өзгертілді. Жаңа куәлікте 7 категория бар. Енді скутер мінгендерде (А1), трициклмен жүйткігендерде В1 категориясы бар куәлік болуы шарт.
Авто көлік жүргізуді енді оқып жатқан болашақ жүргізушілер жаңа үлгідегі куәлік алатын болады. Онда оқушының санатына қарай тек бір ғана категория көрсетілмек.
Куәліктерін жоғалтып алған немесе ауыстырмақ ниетті азаматтар тиісті құжаттармен құзырлы мекемеге жолығып, 2478 баж салығын төлеп, жаңасын алуға болады.