Әбілхан Дауылбаев – 45 жылын көкпарға арнаған жан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбілхан Дауылбаев – 45 жылын көкпарға арнаған жан

23.02.2015
Әбілхан Дауылбаев – 45 жылын көкпарға арнаған жан

Көкпардан Кеңес одағының 9 дүркін чемпионы, спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбілхан Дауылбаев – өмірінің 45 жылын көкпарға арнаған жан.

Бүгінде ат баптаумен айналысып жүрген жаттықтырушы: «Ат баптау – өз алдына бір өнер. Әр аймақ әртүрлі баптайды. Біз бұрынғы қариялардың берген тәлімі бойынша, жылқыға шілдеде жемді әбден беріп, кейін ақырындап суыта береміз»,-дейді.

15 жылдық тарихы бар Ұлттық ат спорты мектебі алғаш Оңтүстік Қазақстан облысында ашылды. Мектептің бүгінгі тынысына тоқталған Әбілхан Дауылбаев: «2000 жылдары Асқар Бейсембаев деген азамат ауданның әкімі еді. Ауданнан осындай мектеп ашу идеясын сол кісі айтқан.

2007 жылға дейін аудандық спорт мектебі болып келдік те, кейін облыстан аштық. Әрі мұны тек ат спорты емес, Ұлттық спорт мектебі деп атадық. Оның ішіне, қазақша күрес, тоғызқұмалақ және т.б. қазақтың ұлттық ойындарын қостық. Мектептің жетістігі жаман емес. Облыс бойынша бірінші, екінші орындардан түскен емеспіз»,-дейді.

«Менің көкпардың басы-қасында жүргеніме 45 жылдай болып қалды. Алайда, бұрынғы көкпар мен қазіргі көкпардың арасы жер мен көктей. Бұрынғы жастар көкпар тартқан кезде, намысқа шабатын. Қазір мүлдем басқа. Біздің жастарымыз намысқа емес, салымға шабатын болды»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу