Надежда Ливина 37 жылын сахна өнеріне арнаған маман - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Надежда Ливина 37 жылын сахна өнеріне арнаған маман

29.12.2015
Надежда Ливина 37 жылын сахна өнеріне арнаған маман

«Өз кәсібіңді сүймей оны ойдағыдай атқару мүмкін емес. Еңбек кітапшамда тек бір ғана жұмыс орны жазылған. Ол – менің осы театрым»,-дейді М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жарық беру цехының суретшісі Надежда Ливина.

Өскемен қаласындағы энергетика техникумын жарық беру саласының суретшісі мамандығы бойынша тәмамдаған соң, Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрына жіберіледі. Араға жарты жыл салып, Надежда Ливина М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына шақырылады.

37 жылын сахна өнеріне арнаған маман таяуда «Ерең еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

«Қатты толқып отырмын. Еңбегімнің бағаланғанына ризашылық білдіремін.  Менің бүкіл өмірім осында өтіп келеді. Сондықтан, театр – екінші үйім. «Жаныңа жақын кәсіп таңда, сонда еңбегің еш кетпейді», деп бекер айтпайды. Мен мамандығымды сүйемін. Еңбегімді бағалаған және жанымнан табылған жандардың барлығына алғысым шексіз»,-дейді  Надежда Ливина.

«Сан мыңдаған өз қолтаңбамды қалдырып, қазақ өнерінің ұлы тұлғаларымен қызметтес болдым. Әзірбайжан Мәмбетов секілді режиссерден тәлім алғаным естен кетпейтін сәттер», -дейді суретші.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу