Мен жеңіске жету үшін барлығына дайынмын – Мартин Мюррей - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мен жеңіске жету үшін барлығына дайынмын – Мартин Мюррей

21.02.2015
Мен жеңіске жету үшін барлығына дайынмын – Мартин Мюррей

Бүгін Монакода «Salle des Etoiles» (Монте-Карло, Монако) аренасында ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кездеседі.

«Мен бар күшімді салып 12 апта бойы дайындалдым. Осы жекпе-жекте жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасадым. Әрине, Головкиннің жеткен жетістігі барлығын айқындағандай. Алайда, менің назарым оның нәтижелеріне бағытталмаған. Бар ойым – жеңісте. Мен оның соққыларына шыдап, жеңіске жету үшін барлығын жасаймын», - дейді Мартин Мюррей.

Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.

Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 22 ақпанда «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу