Г.Головкин мен М.Мюррей кездесуі бүгін түнде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Г.Головкин мен М.Мюррей кездесуі бүгін түнде өтеді

21.02.2015
Г.Головкин мен М.Мюррей кездесуі бүгін түнде өтеді

Бүгін түнде кәсіби бокс шебері Геннадий Головкин үлкен рингтегі кезекті кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы британдық Мартин Мюррей. Екеуі де қарсыластарын сұлатып келе жатқан мықтылар.

Геннадий 28 кездесуде жеңіске жетіп, оның 18-ін ерте аяқтаған. Ал британдық боксшы 29 рет жеңіске жетсе, бір жеңілісі және бір рет тең түскені бар.

Қазір екі боксшы да соңғы жаттығуларын өткізіп, шаршы алаңға шығуға дайын. Бұлармен қатар жеңіл және орта салмақтар бойынша бірнеше кездесулер болады. Көрсетілім түнгі сағат 01:30 да басталады.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу