«Сенбілік таң» бағдарламасы Франциядан хабар таратуда. Өткен аптада бағдарлама Париж қаласында тұратын биология ғылымдарының кандидаты, қазақ қызы Жазира Есбергенованың отбасымен сұхбат құрған еді.
Бұл жолы Гүлмира Дайрабаева Қазақ елін әлемге танытып жүрген қазақ жастарымен кездеспек. Әйгілі Әміре Қашаубаевтың шөбересі де осы елде білім алуда.
Францияда білім алып жатқан қазақ жастарының жағдайы қалай? Бүгін 09.00-де «Сенбілік таңнан» көріңіз.