«Сенбілік таң» - Францияда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - Францияда

14.02.2015
«Сенбілік таң» - Францияда

«Сенбілік таң» бағдарламасы бүгін 09.00-де көрермендеріне Францияда тұратын қазақ қызының отбасымен сұхбатты ұсынады.

Жамбыл облысы, Шу ауданында туып-өскен Жазира Есбергенова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Бүгінде биология ғылымдарының кандидаты. Жеті тіл білетін полиглот маман  француз жігітімен отау құрған. Қазір екі ұл тәрбиелеп отыр.

«Алғашқыда үйінен аттап шықпаған маған алысқа, тіпті басқа мемлекетке үйрену қиын болды»,-дейді Жазира.

Франциядағы қазақ қызының отбасымен сұхбатты бүгін сағат 09.00-де «Сенбілік таң» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу