Адамзат баласының өмірінің мәні де, сәні де – отбасын құрып, ұрпақ сүю. Алайда, қазіргі жастар бас құрауға асығар емес. Көбіне жеке басының қамын күйттеп, «қызмет – қолдың кірі» екенін ұмытып кетіп жатады.
Қазір жоғары білім алған жастар карьера жасауды басты мақсат етіп алған. Бойдақтардың қай-қайсысын сөзге тартсаңыз да, «Алдымен жағдайымды жасап алайын, сосын үйленемін», дегенді айтады. Кейін жағдайын жасап болғанша жасы қырыққа жеткенін білмей қалатындар да бар.
Мәселенің бір ұшы айналып келіп әлеуметтік жағдайға тіреледі. Азаматтар тек қана мансап қуып жүрген жоқ. Жұмыссыз, баспанасыз жүргендері қаншама?
Сүрбойдақтар мен «оң жақта» отырған қыздар. Олардың осы уақытқа дейін отбасын құрмауының себебі неде? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.