Парижде аяздан үйсіздер жапа шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде аяздан үйсіздер жапа шекті

08.02.2018

Париждегі қалың қар біреуге қысқы ертегідей көрінсе, үйсіздер үшін нағыз сынақ болды. Талай жолды көктайғақ басты. Пойыздар мен қоғамдық көлік қатынасы қиындай түсті.

Күннің суытуы, әсіресе, далада түнеп жүргендерге ауыр тиіп отыр. Сондықтан, билік шұғыл түрде шаралар қабылдап, елдің Иль-де-Франс аймағының 8 ауданында баспанасыздар үшін уақытша орталықтар ашты. Бірақ, мұнда орын жеткіліксіз. Төсек орын мен жейтін тамақ та тапшы. Қонарға жер таппай жүргендер туралы нақты көрсеткіштер жоқ. Дегенмен, үкімет бір аптаның ішінде олардың арасында санақ жүргізуді жоспарлап отыр.

Француз метрология қызметінің хабаралуынша, ауа райы -7 градусқа дейін төмендеп, күн сенбіге дейін жылынбауы мүмкін.

Патрик, 72 жастағы жергілікті тұрғын:

- Көптеген адамдар көлікпен жүргендіктен, ызғарды біздей сезінбейді. Мен қазір бір машинаның ішінде түнеп жүрмін. Бірақ, далада ұйықтап жүргендер үшін күн өте суық.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу