Алматыдағы саябаққа кітап ұяшықтары орнатылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы саябаққа кітап ұяшықтары орнатылуда

20.02.2015
Алматыдағы саябаққа кітап ұяшықтары орнатылуда

«Өзің оқып болған соң, өзгеге бер» деген ұранды ту еткен буккроссинг белсенділері Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябаққа кітап ұяшықтарын орнатты. 

Кітапқа екінші өмір сыйлағысы келетін жаңашыл жастар бастаған бастамаға қазақ әдебиетінің үздік үлгілері, анықтамалықтар, сөздіктер, журналистика мен тіл үйренуге қатысты сапалы басылымдар ұсынылған.

Ашық аспан астындағы кітапхананы кез келген оқырман пайдалана алады. Тек, алған кітаптың орнын толтыру керек.

«Буккросингтің негізгі шарты бойынша, бір кітапты алса, орнына екіншісін қою қажет. Осыны біз барлық оқырманға ескерткіміз келеді.  Шара жалғассыз қалмаса екен дейміз»,-дейді жас тілші Жадыра Аққайыр.

Бастама  жалғассыз қалмауы үшін жастар игі істі басқаларға тапсырып отыр. Эстафетаны қабылдап алғандар дәл осындай ұяшық орнатуға тиіс. Осылайша, кітап алмасу үрдісі жер-жерге жайылып кете бермек.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу