Оралда қалалық саябақ жекешелендіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда қалалық саябақ жекешелендіріледі

13.10.2014
Оралда қалалық саябақ жекешелендіріледі

Орал қаласының әкімі Алтай Күлгінов қалалық саябақ жекеменшік қарамағына өтетінін хабарлады.

«Қалалық демалыс саябағы жекеменшік иесіне беріледі. Алайда, инвестор саябаққа тегін кіру құқығын, жасыл көшеттер мен көпшілік демалатын орынның мақсатты бағытын сақтауы тиіс», - деді әкім депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Әкім саябаққа тиесілі жер қала қарамағында қалып, жекешелендірілмейтінін айтты.

«Қазіргі кезде саябақ жекеменшік ретінде жұмыс істеуде. Ондағы барлық аттракцион, кафе мен мейрамхана жекенің қолында. Айырмашылық – олар салықты мемлекетке төлейді. Ал, жекешелендіруден кейін сол салықты инвесторға төлейтін болады. Саябаққа демалуға баратын қала тұрғындары үшін ештеңе өзгермейді», - деді Алтай Күлгінов.

Хабарламаларға жазылу