Рэйчел МакАдамстің «Нағыз детективте» ойнайтыны расталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рэйчел МакАдамстің «Нағыз детективте» ойнайтыны расталды

25.11.2014
Рэйчел МакАдамстің «Нағыз детективте» ойнайтыны расталды

«Нағыз детектив» телехикаясының екінші маусымында Голливуд актрисасы Рэйчел МакАдамстің ойнайтыны расталды. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлайды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, телехикаяда басты рөлді Колин Фаррелл және  Винс Вон сомдайды. Сценарий бойынша жаңа маусымда үш детектив болады.

К. Фаррелл детектив Рей Велкороның рөлін, ал Винс Вон кәсіби қылмыскер Фрэнк Семионның рөлін сомдайды. Ал, кейіпкер Ани Беззерайдздің рөлі Рэйчел МакАдамсқа бұйырды. Сондай-ақ, Колин Фаррелдің әріптесі болып Тейлор Китч ойнайды. 

Хабарламаларға жазылу