Ұлттық банкке сенім білдірмеуге негіз жоқ.
Банк төрағасының теңге бағамының күрт өзгеруіне қарсы қолданылып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасағанын атап өткен Мемлекет басшысы бүгін Үкімет отырысында осылай деді.
«Қазіргі кезеңде арандатулар мен жала жабулар пайда әкелмейді. Мұндай қадамға барғандарды жауапкершілікке тарту керек. Ешбір әрекет халықтың назарынан тыс жүзеге асырылмайды. Қиындық болса халықпен бірге көреміз», - деді Президент Н.Назарбаев.
Ресми тұлғалардың сөзіне ғана сену керектігін тапсырған Мемлекет басшысы ұлттық валюта бағамы өзгеретін жағдайда тұрғындардың салымдарын сақтандыру бойынша шаралар қабылданатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Елбасы қаржылық тұрақтылықты сақтау, теңге бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу, экономиканың басым бағыттарын қаржылық қамтамасыз ету Ұлттық банк алдындағы ең басты тапсырма екендігін атап өтті.