Алматылық дәрігерлер баланың бүйрегін аман алып қалды
Алматыда дәрігерлер ойын алаңындағы әткеншектен құлап, ауыр жарақат алған 9 жастағы баланың өмірін сақтап қалды. Жеткіншек жедел жәрдеммен Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған ми шайқалуы, жабық бас-ми жарақаты, іш қуысының зақымдануы және сол жақ бүйрегінің жыртылуы диагноздарын қойған. Ішкі қан кетудің салдарынан науқастың жағдайы күрт нашарлап, мамандар шұғыл түрде операция жасауға шешім қабылдаған. Емдеу екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде хирургтер 45 минут ішінде сол жақ несепағарға арнайы стент орнатқан. Себебі жарақат салдарынан қан мен зәр іш қуысына тараған. Келесі күні дәрігерлер екі сағатқа созылған күрделі ота жасап, жыртылған бүйректі тігіп, ағзаны сақтап қалды. Олар қазір баланың жағдайы тұрақты, денсаулығы жақсарып келеді дейді.
Ота негізі күрделі деп саналады. Ота барысы екі сағатқа созылды. Ол жерде бүйректі алып тастау қаупі болды. Бірақ соған қарамастан, біздің дәрігерлердің көмегімен сол бүйректі сақтап қалдық және жайылған қан, зәрдің бәрін тазалап баланы емдеп, сауықтырып шығардық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы