Бүгін - ЮНЕСКО-ның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - ЮНЕСКО-ның туған күні

15.11.2016
Бүгін -  ЮНЕСКО-ның туған күні

16 қараша, сәрсенбі, 2016 жыл

Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске түсіру күні

Бұл күннің белгіленуіне 1993 жылы ЖКО нәтижесінде зардвап шеккен адамдарға көмек көрсететін британдық RoadPeace қайырымдылық ұйымы бастамашы болды. 2005 жылғы қазанда БҰҰ  Бас Ассамблеясының қарарымен қарашаның үшінші жексенбісі Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.

Төзімділіктің (толеранттықтың) халықаралық күні

1996 жылғы желтоқсанның 12-сінен бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен атап өтіледі.

ЮНЕСКО-ның туған күні

Осыдан 63 жыл бұрын 1945 жылы қарашаның 16-да Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы құрылды. Дәл осы күні Лондонда өткен конференцияда оның Жарғысы қабылданып, оған 37 мемлекет қол қойды. ЮНЕСКО Жарғысы 1946 жылы 20 мемлекет: Австралия, Англия, Бразилия, Грекия, Дания, Доминикан Республикасы, Египет, Үндістан, Канада, Қытай, Ливан, Мексика, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сауд Арабстаны, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Франция, Чехославакия  және Оңтүстік Африка Республикасы бекіткеннен кейін күшіне енді. 1960 жылы Ұйым құрамына 19 африкалық мемлекет кірді. Ал Кеңес одағы құрамында болған бұрынғы 12 республика 1991-1993 жылдары аралығына ЮНЕСКО-ның мүше-мемлекеттері болды.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

75 жыл бұрын (1941) Панфилов дивизиясының 1075-ші атқыштар полкі (бұл дивизия Қазақстанда жасақталған болатын) Дубосеково разъезінің түбінде неміс басқыншыларының 18 танкісін жойып, фашистерді Мәскеуге қарай өткізбеді.

43 жыл бұрын (1973) Қарағанды музыкалық комедия театры Теміртау қаласында құрылып, И.Дунаевскийдің «Еркін жел» опереттасымен шымылдығын ашты.


ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1939) ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БЕКЕНОВ Аманқұл дүниеге келді.

33 жыл бұрын (1983) қазақстандық боксшы, 2005 және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері СӘПИЕВ Серік Жұманғалиұлы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу