«Жарқын бейне» Сара Мыңжасарованы еске алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне» Сара Мыңжасарованы еске алады

03.02.2015
«Жарқын бейне» Сара Мыңжасарованы еске алады

Қазақ әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш роман жазған Сара Мыңжасарованы замандастары: «Жастайынан көрмегені жоқ. Ол жазушы боламын демеген, тағдыр жазуға мәжбүрледі.  Жай ғана романшы емес, бүкіл әлем әдебиетінен хабары бар әйел болды. Сол кездері қазақ деп шыққан сирек қайраткерлердің бірі еді...»,-деп еске алады.

«Сара Мыңжасарованың негізгі міндеті – қазақ қызының ақыл-ойын көрсету болды. Проза жазатын қазақ қыздарының биігінде тұрған қаламгер. Ең алғаш рет роман деп кітабы шыққан да  осы Сара. Қазақта ғана емес, тұтас Орталық Азиядағы роман жазған тұңғыш әйел».

Бүгін 17.00-де «Жарқын бейне» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу